Астрахан ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Астрахан ауданы әкiмiнiң аппараты аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң қызметiн басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтiк және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    «Астрахан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы отырысының №14 ХАТТАМАСЫ

    Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы аудандық жер комиссиясы отырысының №14 ХАТТАМАСЫ Астрахан а. «9» қыркүйек 2026 ж. Комиссия құрамы: Р.Ж. Мұқанов аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; А.Т. Мажитова комиссия хатшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы; М.М. Баймолдина «Астрахан ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі» басшысы; А.А. Бейсенбенов Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Астрахан аудандық филиалының директоры; Ж.Б. Ильясов құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бас маманы; А.В. Мальков «Ауған соғысы мүгедектері мен Ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің Астрахан аудандық филиалының өкілі; Б.К. Бурумбаева «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Астрахан аудандық филиалының өкілі; С.К. Сатемиров аудандық мәслихаттың депутаты; Жоқ : Мухамеджанов Н.А., Путинцева В.С., Суюндиков К.О., Иманкулов А.Ө.. КҮН ТӘРТІБІ «AgroNext KZ» ЖШС-не ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу кешенін орналастыру үшін (Жалтыр ауылдық округі) ауданы 6,0 га жер учаскесін 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына беру. «AgroNext KZ» ЖШС-не ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу кешенін орналастыру үшін (Жалтыр ауылдық округі) ауданы 6,0 га жер учаскесін 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына беру. 1. Комиссия төрағасы Р.Ж. Мұқанов комиссия мүшелерін «AgroNext KZ» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу кешенін салу үшін Жалтыр ауылдық округі аумағында орналасқан, ауданы 6,0 га жер учаскесін 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына беру туралы өтінішімен таныстырды. Ұсынылған материалдар: Сұралып отырған жер учаскесінің ситуациялық схемасы. Материалдармен және талқылаулармен танысқаннан кейін комиссия бірауыздан Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы Л А Д Ы: «AgroNext KZ» ЖШС-не (жерге орналастыру жобасын ұсынғаннан кейін) болжамды ауданы 6,0 га, Жалтыр ауылдық округінің шекарасында, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу кешенін салу үшін, жер учаскесіне 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілсін, бұл ретте қолданыстағы инженерлік коммуникацияларды, оның ішінде электр желілерін, қажет болған жағдайда тиісті ұйымдардың техникалық шарттарына сәйкес өтініш берушінің өз қаражаты есебінен ауыстыруды (шығаруды) қамтамасыз ету. Комиссия төрағасы: Комиссия хатшысы: Р.Ж. Мұқанов А.Т. Мажитова Комиссия мүшелері М.М. Баймолдина Ж.Б. Ильясов А.А. Бейсенбенов А.В. Мальков Б.К. Бурумбаева С.К. Сатемиров

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан аудандық мәслихатының «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Астрахан аудандық мәслихат шешімінің жобасына ақпарат

    Астрахан аудандық мәслихатының«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы»Астрахан аудандық мәслихат шешімінің жобасына ақпарат № Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты 1. НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) Астрахан аудандық мәслихатының «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» шешімі. 2. Әзірлеушімемлекеттік орган Астрахан ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3. НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына,сондай-ақ жұмыс тобы отырысының хаттамасына сәйкес әзірленді. 4. НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Шешімнің жобасында Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен лауазымдық айлықақысының 25 пайызы мөлшерінде ауылдық жерде жұмыс істегені үшін үстемеақы және лауазымдық айлықақысының 30 пайызы мөлшерінде ынталандыру үстемеақысын белгілеу көзделеді. 5. Күтілетіннәтижелердіңнақтымақсаттарымен мерзімдері Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты – Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауылдық жерде жұмыс істегені үшін үстемеақы және ынталандыру үстемеақысын белгілеу. Күтілетін нәтиже – ауылдық жерде қызметін жүзеге асыратын қызметкерлердің материалдық ынталылығын арттыру және олардың лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. 6. НҚА жобасықабылданғанжағдайдаболжанатынәлеуметтік-экономикалық, құқықтықжәне (немесе) өзгедесалдар Шешім жобасын қабылдау Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне лауазымдық айлықақысының 25 пайызы мөлшерінде ауылдық жерде жұмыс істегені үшін үстемеақы және лауазымдық айлықақысының 30 пайызы мөлшерінде ынталандыру үстемеақысын белгілеуге мүмкіндік береді. Шешім жобасын іске асыру қызметкерлердің материалдық ынталылығын арттыруға және халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететін болады. Шығыстарды қаржылық қамтамасыз ету көзделген бюджет қаражаты шегінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 «Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Астрахан ауылы село Астраханка Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 «Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Астрахан аудандық мәслихатының «Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4392 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: қөрсетілген шешімнің қосымшасында: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.»; Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8681-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына бір рет, екі жылда бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.»; 7-тармақта: 5), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын; 10 тармақтың 3-тармақшасының жаңа редакцияда жазылсын: «6.) Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді9 мамыр - Жеңіс күніне: жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес)айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 10 тармақтың 7-тармақшасының жаңа редакцияда жазылсын: «7) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне: «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»; 11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі: 1) кірістерді есепке алмағанда: дүлей апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктері, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; амбулаториялық емдеудегі б Лауазымы Аты-жөні

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

    Астрахан ауылы село Астраханка Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-17-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8681-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі: 1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні; 2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні; 3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні; 4) 9 мамыр – Жеңіс күні; 5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні; 6) 1 қазан – Қарттар күні; 7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні; 8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні;» 10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: « 10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына 1 рет көрсетіледі: 1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне: оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшыларға мен қызметшiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне: «Алтын алқа» «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне: бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; бейбіт уақытта әскери қызметін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 4) 9 мамыр – Жеңіс күніне: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5000000 (бес миллион) теңге мөлшерінде; Екінші дұниежұзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, теттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне: саяси қуғын - сүргіндер құрбандарына және саяси қуғын - сүргіндерден зардап шеккендерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 6) 1 қазан – Қарттар күніне: ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне: 1, 2, 3 топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне: «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 11 тармақтың 1) тармақтын сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтыру: «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының4баптарындакөрсетілген адамдарға, коммуналдық қызметтер үшін шығындарын төлеуге ай сайын 3,5 (үш жарым) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде; басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері комуналдық қызметтеріне 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні ,

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Астрахан ауданында жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері туралы ақпарат

    Астрахан ауданында жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері туралы ақпарат № п/п Основание предоставления земельного участка Целевое назначение Площадь з/у, га Месторасположение зем. участка Құқық түрі Жалдау мерзімі Староколутон ауылдық округі 1 Староколутон ауылдық округі әкімінің өкімі № KZ29VVX006616117 03.08.2026 ж. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 0,3453 га Қосқөл ауылы Жалдау 3 жыл Астрахан ауылдық округі 1 Астрахан ауылдық округі әкімінің өкімі № KZ07VVX00617677 05.08.2026 ж. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 0,2500 га Астраханка ауылы Жалдау 3 жыл 2 Астрахан ауылдық округі әкімінің өкімі № KZ23VVX00619232 07.08.2026 ж. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 0,0665 Астраханка ауылы Жалдау 3 жыл Первомай ауылдық округі 1 Первомай ауылдық округі әкімінің өкімі № 51 от 17.08.2026 г. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 0,0696 Первомайка ауылы Жалдау 3 жыл Жалтыр ауылдық округі 1 Жалтыр ауылдық округі әкімінің өкімі № 4 10.08.2026 ж. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,1097 Жалтыр ауылы Жалдау 3 жыл 2 Жалтыр ауылдық округі әкімінің өкімі № KZ29VVX00619221 от 07.08.2026 г. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 0,0089 Жалтыр ауылы жалдау 3 жыл 3 Жалтыр ауылдық округі әкімінің өкімі № 5 20.08.2026 ж. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 0,0021 Жалтыр ауылы жалдау 3 жыл 4 Жалтыр ауылдық округі әкімінің өкімі № 6 20.08.2026 ж. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 0,0030 Жалтыр ауылы жалдау 3 жыл Новочеркасск ауылдық округі 1 Новочеркасск ауылдық округі әкімінің өкімі № KZ55VVX00620596 11.08.2026 ж. Модульдік сүт цехына қызмет көрсету үшін 1,3000 Новочеркасское ауылы Жалдау 3 жыл Қызылжар ауылдық округі 1 Қызылжар ауылдық округі әкімінің өкімі №39 18.08.2026 ж. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 0,2000 Оксановка ауылы Жалдау 3 жыл 2 Қызылжар ауылдық округі әкімінің өкімі №40 18.08.2026 ж. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 0,2000 Оксановка ауылы Жалдау 3 жыл Острогор ауылдық округі 1 Острогор ауылдық округі әкімінің өкімі №4 21.08.2026 ж. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 0,2000 Қаракөл ауылы Жалдау 3 жыл

    Жарияланды: