Жанайдаров Серік Түлеуханұлы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы

    Жанайдаров Серік Түлеуханұлы
    Руководитель

    Жанайдаров Серік Түлеуханұлы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1968 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Бүйректал селосында туған. Ұлты – қазақ. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орта мектептің тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Алматы Заң институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика және бизнес» бакалавры бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1983 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Бүйректал совхозының «Юность-83» студенттік өндірістік бригадасында бастаған.

    1985-1986 жылдары Қостанай облысы Бүйректал ауылындағы «Жастар» комсомол-жастар бригадасының механизаторы

    1986-1988 жылдары Чехословакия Қарулы Күштерінде қызмет етті

    1988-1989 жылдары - Қостанай облысы Бүйректал совхозының көркемдік жетекшісі

    1989-1994 жылдары - Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті

    1994-1999 жылдары Астана қаласында Ішкі істер министрлігінде, Мемлекеттік тергеу комитетінде, Салық полициясы комитетінде қызмет еткен.

    1999 жылы Алматы облысы, Алматы қаласы Ішкі істер департаментінде қызмет еткен

    1999 - 2001 жж – Контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары – Алматы қаласы бойынша ҚБҚК және ГТУ ҰТП жедел тергеу бөлімінің бастығы

    2001 ж. - Алматы облысы бойынша Кеден басқармасының контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға қарсы күрес бөлімінің бас инспекторы

    2001 2002 - Алматы облысы бойынша Кеден басқармасының есірткі контрабандасына қарсы күрес бөлімінің бас инспекторы

    2002 - 2007 жж – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кеден ісі саласындағы қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған

    2008 - 2010 – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бас салық инспекторы, қаржы бөлімінің бастығы

    2010 - 2011 – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Әкімшілік басқармасының бастығы

    2011 – 2013 жж – Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бөлім бастығы

    2013-2014 жж – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Алмалы-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бастығы, «Жетісу» кеден бекетінің бастығы

    2014-2015 жж – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің бастығы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

    2015-2020 – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары, кедендік бақылаудан кейінгі, кедендік инспекция басқармасының бастығы, «Алмалы-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бастығы

    2020-2021 - ҚР ҚМ ММЖК Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары

    2021-2022 – Нұрсұлтан қаласындағы «Электрондық декларациялау орталығының» басқарма басшысы

    2022-2023 – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің «Бас Диспетчерлік басқармасы» Әкімшілік басқармасының бастығы

    2023-2024 жылдары – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

    2024 -2025 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.

    2025 жылғы 12 мамырдан бастап қазыргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Кеден қызметінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ««Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері