Улыкбанов Бакыт Джуманазарович

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы

    Улыкбанов Бакыт Джуманазарович
    Руководитель

    Улыкбанов Бакыт Джуманазарович

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1959 ж. туылған, қазақ, білімі жоғары. 1981 жылы Самарканд коорперативтік институтын экономика мамандығы бойынша, 2005 жылы Салық полициясы академиясын құқықтану мамандағы бойынша тәмамдаған. Б.Д.Улыкбанов 1976 жылы «Туркменжколхозпроект» Мары институты филиалында техник, 1977 жылы «Туркменжколхозпроект» Мары институты филиалында аға техник, 1981 жылы «Облкооплесстройторг» ОРО-да бас есепшінің орынбасары, 1985 жылы Хауз-Хан тұтыну қоғамында бас есепші, 1985 жылы Жаңаөзен нан заводында бас есепшінің міндетн атқарушы, 1991 жылы ГорПО шұжық цехында меңгеруші, 1994 жылы «Алау» біріккен ұйымында коммерциялық бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

    1998 жылы Салық және қаржы полициясы органдардында қызмет етті, 2008 жылы «КазАзот» ЖШС-де қауіпсіздік басқармасының бас директорының орынбасары, 2009 жылы Алматы қаласы бойынша салық департаментінде бас маман болып қызмет атқарды және сол жылы Маңғыстау облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары болып ауысты. 2012 жылы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, 2014 жылы Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, 2015 жылы Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    2015 жылы шілде айында Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілік және жанама салықтар басқармасының басшысы және қараша айында Жаңаөзен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2017 жылдан бері Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып қызмет атқарады.

    Улыкбанов Б.Д. 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалдарымен наградталған. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы және Жаңаөзен қаласы әкімдерінің бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған.

    Отбасылы, 3 балалы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері