
Бердібаев Ерлан Ерлан Құлахметұлы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы
Өмірбаян
1963 жылы 13 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық елді мекенінде, дүниеге келген.
1984 жылы Алматы халық шаруашылығы институтыэкономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1984 жылы Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекторы ретінде бастаған.1986-1987 жылдары– Жаңақорғанаудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисі,1987-1989 жылдары - Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында №239 орта мектеп мұғалімі, 1989-1992 жылдары - Жаңақорған ауданының "Талап" кеңшарының аға экономисі, 1992-1996 жылдары - Жаңақорған ауданы әкімшілігі жанындағы экономикалық бөлім меңгерушісі, қаржы бақылау комитетінің аға бақылаушысы, тексерушісі, 1996-1998 жылдары – Қызылорда облыстық қаржы бақылау комитетінің аға бақылаушы-тексерушісі, 1998-2010 жылдары - Салық полициясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған.2010-2014 жылдары - "Болашақ-Шиелі" оқу орталығының директоры, 2014-2015 жылдары – Қызылорда қаласында "Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы, 2015-2017 жылдары - "Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" КММ басшысы, 2017-2019 жылдары-"Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында" әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылдары - Қала әкімінің орынбасары болып қызметтерін аброймен атқарған.
2020 жылдың 14-ші қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Бердібаев Ерлан Құлахметұлы өзінің қызметіне адал қарағаны үшін және Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы Полициясы Агенттігі төрағасының Құрмет грамотасымен және бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған.
Мемлекеттік қызметтерді үлгілі атқарып жоғарғы нәтижелерге жеткені үшін Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың алғыс хаттарымен, сонымен қатар, Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңіріміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі және абыройлы еңбегі үшін Қызылорда облысы әкімінің, Қызылорда қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2020 жылы Облыс әкімінің мемлекеттік қызметкерлердің 25 жылдығына орай алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10жыл, 20 жыл және 25 жыл» мерекелік төс белгілерімен марапатталған.



