
Хасенов Илдар Талғатбекұлы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ басшысы
Өмірбаян
1972 жылы 09 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Үйленген. 2 қыз тәрбиелеп отыр.
Білімі:
1996 ж. - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
инженер-педагог мамандығы бойынша;
2005 ж. - экономист мамандығы бойынша Алматы Экономика және статистика академиясы;
2005 ж. - Құқықтану мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
Еңбек жолын 1997 жылы Өскемен қаласында ҚР ҚМ Шығыс Қазақстан аумақтық жекешелендіру комитетінің жетекші маманы болып бастаған;
1998-2000 жылдары –«Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының жетекші маманы, бас маманы, Өскемен қаласы;
2000-2001жж – «Альтрейд» ЖШС «Керамика зауыты» филиалының коммерциялық бөлімінің бастығы, Өскемен қ;
2001-2002 жылдары –«Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының бөлім бастығы, директордың орынбасары, Өскемен қаласы;
2002-2005жж – «Қаржы берешектерімен жұмыс жөніндегі орталығы» ЖАҚ филиалының директоры, Өскемен қ.;
2005-2006жж – «ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің ШҚО бойынша басқармасы» ММ басқармасының бастығы, Өскемен қаласы;
2006-2008жж – «Артель-Труд» ЖШС материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы, Өскемен қаласы;
2008-2013жж – «Ертіс» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы, Өскемен қаласы;
2013 ж. - ҚР Қаржы министрлігінің Республикалық мүлікке билік ету және оңалту және банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті директорының орынбасары, Астана қ.;
2013-2014 жылдары – «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Өскемен қаласы;
2014-2015жж – «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ Активтерді басқару және кредит беру бағдарламаларын бақылау департаментінің бөлім бастығы, директоры, Өскемен қ.;
2015-2016жж – «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары, директоры, Өскемен қ.;
2016-2017жж – «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы, Павлодар қ.;
2017 жылы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.
2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен және «Ерең Еңбегі үшін» медалімен марапатталған.



