
Жаңабаев Ерлан Мақсотұлы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.
Өмірбаян
Ерлан Мақсотұлы Жаңабаев 1983 жылы 18 шілдеде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында дүниеге келген.
1989 жылы Атырау облысы Махамбет селосындағы Махамбет орта мектебіне оқуға қабылданып, 1997 жылы конкурс арқылы Дарынды балаларға арналған мектебіне ауысып, аталған мектепті 2000 жылы аяқтаған.
2000-2006 жылдары Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтының экономика және менеджмент мамандығы бойынша білім алған.
2019-2020 жылдары ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында Цифрлық мемлекеттік басқару магистрі.
Үйленген, үш баласы бар.
02.08.2006 жылы Атырау облысы Дене тәрбиесі және спорт басқармасының спорт бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
22.01.2007 жылы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің Нақты секторды дамыту бөлімінің бас маманына тағайындалды.
26.02.2007-08.02.2008 жылы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің Экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы,
08.02.2008-05.01.2009 жылы Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің бастығы,
05.01.2009-05.01.2010 жылы Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы әлеуметтік сала бөлімінің бастығы,
05.01.2010-20.05.2011 жылы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
23.05.2011-08.10.2012 жылы Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалдым.
08.10.2012-30.04.2015 жылы Президент әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Атырау облысы Махамбет ауданы әкімі қызметіне тағайындалып, 2015 жылғы 30 сәуірге дейін қызмет атқарды.
04.01.2017-09.04.2017 жылы Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
10.04.2017-29.09.2021 жылы Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.
29.09.2021-20.04.2022 жылы Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарған.
20.02.2023-02.12.2024 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.
2024 жылғы 2 желтоқсаннан бастап конкурстан тыс тәртібімен тағайындалып, күні бүгінге дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы.



