
Алиев Кайратбек Жакманович
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Жтісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы
Өмірбаян
Әлиев Қайратбек Жақманұлы – 1966 жылдың 20 маусымда дүниеге келді, ұлты қазақ, білімі жоғарғы, В.И.Ленин атындағы политехникалық институтын (1993), машина жасау технология мамандығын, механик-инженері біліктігін; КЕОО «Экономика және қаржы институтына» (2002) экономикадағы менеджмент мамандығы бойынша, экономист біліктігін; Ресей федерациясы, Санкт-Петербург қаласы, Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі Ресей Федерациясы министрлігінің Санкт-Петербургтік мемлекеттік өртке қарсы күрес институтын (2006), заңгер біліктігін, «Құқықтану» мамандығын бітірді.
Еңбек жолы:
06.10.1983-11.11.1984 жылдары Көк-арал мақта совхозы, Бөген ауданы, ОҚО, жұмысшы;
17.11.1984-24.11.1986 жылдары кеңес әскерінің қатарында, Мәскеу қаласы;
22.01.1987-25.07.1987 жылдары дайындық бөлімінің тындаушысы, В.И.Ленин атындағы ҚПИ, Алматы қаласы;
25.07.1987-01.07.1993 жылдары В.И.Ленин атындағы ҚПИ студенті, Алматы қаласы;
20.07.1993 - 28.03.1994 жылдары «Асыл» ЖШС -ның Коммерциялық директоры, Алматы қаласы;
01.04.1994-05.01.1997 жылдары Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік мүлік комитетінің жетекші маманы, Алматы қаласы;
05.01.1997-04.05.1998 жылдары Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіның бас маманы, Алматы қаласы;
04.05.1998-23.10.1998 жылдары Алматы қалалық коммуналдық меншікті басқару департаментінің жетекші маманы, Алматы қаласы.
23.10.1998-23.08.2004 жылдары Алматы қалалық коммуналдық меншікті басқару департаментінің бас маманы, Алматы қаласы;
23.08.2004-27.01.2005 жылдары Алматы қалалық коммуналдық меншікті басқару департаментінің бөлім бастығы, Алматы қаласы;
27.01.2005-05.08.2005 жылдары Алматы қаласының Қаржы департаментінің бас маманы, Алматы қаласы;
05.08.2005-11.04.2006 жылдары Алматы қаласының Қаржы департаментінің бөлім бастығы, Алматы қаласы.
12.04.2006-18.07.2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы, Алматы қаласы.
18.07.2008-02.04.2012 жылдары «Жетісу» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Алматы қаласы бойынша филиалының заңды тұлғалармен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, Алматы қаласы;
02.04.2012-29.05.2012 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы, Алматы қаласы;
29.05.2012-04.01.2017 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшы орынбасары, Алматы қаласы;
04.01.2017-16.01.2017 жылдары «НМТЦ» «Жалын» ЖШС директорының орынбасары;
09.08.2018-26.05.2019 жылдары Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары, Талдықорган қаласы;
27.05.2019 - 15.08.2022 жылдары Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.
18.08.2022 жылы ҚР ҚМ ММЖК Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып тағайындалды.



