
Өмірбаян
Ф.Уахитов 1987 жылғы 25 маусымда Ақсуат ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аңтанушысы болып бастап, 2010-2014 жылдары аралығында түрлі салада жұмыс жасады.
2014-2016 жылдары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.
2018 жылдан бастап тағайындауға дейін Ақжайық ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.



