
Өмірбаян
Арсаламов Айдос Айтбекұлы 1973 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шолақай ауылында дүниеге келдім. 1980 жылы Шолақай орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1990 жылы Ж.Босақов атындағы орта мектепті бітірдім. Мектеп бітіргеннен кейін әскери бөлімінің жіберуімен Талдықорған қаласында 3 айлық жүргізуші курсын бітіріп, 1990 жылдың аяғанда барып, 1991 жылдың ақпан айында жүргізуші куәлігін алдым.
1991 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына оқуға түсіп, 1996 жылы Қазақ Ұлттық техникалық университетін гидрогеология және инженерлік геология мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Шолақай ауылындағы «Бірлік» өндірістік кооперативінде малшы болып бастадым. 2002-2007 жылдары Жаркент қаласындағы 2091 әскери бөлімінде материалдық қамтамасыз ету ротасының аға жүргізушісі, 2007-2009 жж «Панфилов су құбыры» мекемесінде ӨТБ инженері, 2009 жылдың сәуір-қараша аралығында осы аталған мекемеде жетекші инженер, 2009-2011 жж - ӨТБ инженері, 2011-2016 жылдары жетекші инженер, 2016-2021 жылдың шілде айының 25 дейін «Панфилов су құбыры» мекемесінің директоры
2021жылдың 26 шілдесінен осы уақытқа дейін Шолақай ауылдық округінің әкімі





