Сейтқожаев Қайсар Күнтұғанұлы

    «Панфилов ауданының білім бөлімі» ММ

    Сейтқожаев Қайсар Күнтұғанұлы
    Руководитель отдела

    Сейтқожаев Қайсар Күнтұғанұлы

    «Панфилов ауданының білім бөлімі» ММ

    Өмірбаян

    Сейтқожаев Қайсар Күнтуғанұлы 1974 жылы 17 шілдеде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Арқалық педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1995 жылы аталған университетті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтады.

    1995-2003 жылдары Гвардия ауданы, Жаңалық орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 2003-2007 жылдары Кербұлақ ауданы Беріктас орта мектебінің директоры, 2007-2009 жылдары Кербұлақ ауданы Қосағаш орта мектебінің директоры, одан кейін Аралтөбе орта мектебінің директоры қызметінде болды. 2012-2015 жылдары Кербұлақ ауданы Қосағаш орта мектебінің директоры, 2015-2016 жылдары Кербұлақ ауданы Шұбар орта мектебінің директоры, 2016-2021 жылдары Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округі әкімі, 2021-2023 жылдары Кербұлақ ауданының білім бөлімінің басшысы қызметтерінде болды.

    2023 жылдың 15 ақпанынан Панфилов ауданының білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері