
Өмірбаян
Арман Саткенұлы Түсіпов 1973 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Захаровка кентінде дүниеге келді. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт. Дене шынықтыру және спорт мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1990 жылы Куйбышев атындағы совхоздың құрылыс бөлімшесінің жұмысшысы болып бастады.
1994 жылы «Тентек» шахтасында жоғары қабаттағы тау-кен жұмыскері болып жұмыс істеді. 1994 жылдан бастап 2000 жылға дейін Қарағанды қаласының «Шырақ» ӨК күзетшісі болды.
2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін Шахтинск қаласының № 16 қазақ орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет етті.
2004 жылдан бастап «Шахтинск қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімі» ММ спорт және туризм жөніндегі бас маманның міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Содан кейін «Шахтинск қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімі» ММ спорт және туризм жөніндегі бас маманы лауазымына тағайындалды.
2005 жылдан бастап 2008 жылғы дейін «Шахтинск қаласының білім беру және спорт бөлімі» ММ дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі бас маманы, «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» бас маманы лауазымында қызмет етті.
2008 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастығы лауазымын атқарды.
2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін Шахтинск қаласының «Барс» КМҚК бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін Новодолинский кентінің әкімі.
2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін Новодолинский кенті әкімінің міндетін атқарды, содан кейін Новодолинский кентінің әкімі болды. 2017 жылдың 10 тамызынан бастап қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін Новодолинский кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып қызмет етті.
2017 жылдың 10 тамызынан бастап 2017 жылдың 24 қазанына дейін Новодолинский кенті әкімінің міндеттерін атқарды.
2017 жылдың 24 қазанынан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Новодолинский кентінің әкімі лауазымын атқарды.
2021 жылғы 27 шілдеде Долинка кентінің әкімі болып тағайындалды.
