Хамитов Жасулан Тиштыкович

    Долинка кенті әкімінің орынбасары

    Хамитов Жасулан Тиштыкович
    Заместитель акима

    Хамитов Жасулан Тиштыкович

    Долинка кенті әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Жасулан Тиштыкович Хамитов, 1988 жылы 17 маусымда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласында дүниеге келген.

    2007 жылы Теміртау политехникалық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, кәсіби білім алды.

    2014 жылы Орталық-Қазақстан Академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

    Еңбек жолын 2007 жылы Шахтинск қаласының мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында орта деңгейлі маман болып бастады.

    2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалында маман болып жұмыс істеді.

    2016 жылдан бастап 2019 жыл аралығында Қызмет көрсету орталығының «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының операциалық бөлімінің консультант-операторы болып жұмыс істеді.

    2019 жылдан бастап 2020 жыл аралығында «Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ біліктілігі жоғары деңгейдегі маманның міндеттерін атқарды.

    2020 жылдан бастап 2021 жыл аралығында «Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығы» КММ дінтанушы болып жұмыс істеді.

    2021 жылдан бастап 2023 жыл аралығында «Шахтинск қаласы жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы болды.

    2023 жылдан бастап «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ директордың орынбасары болды.

    2023 жылдан бастап 2025 жылға дейін Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, жастар саясатын дамыту және салааралық үйлестіру бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.

    2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Долинка кенті әкімінің орынбасары лауазымын атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері