
Рыпаков Денис Сергеевич
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Денис Сергеевич Рыпаков 1980 жылғы 20 тамызда Алматы қаласында туған.
Мамандығы бойынша дене шынықтыру мұғалімі, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясының дене шынықтыру институтын аяқтаған.
«Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика бойынша спорт шебері», «Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атақтарын иеленген.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2001 жылы Астанадағы Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командалар мен спорт резерві дирекциясының нұсқаушысы болып бастаған. Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командалар мен спорт резерві дирекциясында жеті жыл жаттықтырушы-оқытушы болды.
2013 жылдан бастап жеңіл атлетикадан олимпиада резерві бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебін басқарды.
2019 жылғы маусымда Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2021 жылғы 14 қаңтарда жетінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2023 жылғы 30 наурызда сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
