
Құсайынова Ләйлә Қинаятқызы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаян
1965 жылы 15 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарственное ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1988 жылы Өскемен педагогикалық институтын «Тарих, қоғамтану пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі әдіскер» мамандығы бойынша, 2001 жылы Д. А. Қонаев атындағы Алматы гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
1988-1989 ж.ж. - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарственное сегізжылдық мектебінің аға пионер жетекшісі;
1989-1992 ж.ж. - Қазақстан ЛКЖО Күршім аудандық комитетінің, Қазақстан Жастар одағының Күршім аудандық комитетінің хатшысы;
1992-1993 ж.ж. - № 1 Күршім орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;
1993-1996 ж.ж. - Күршім аудандық әкімшілігінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясының хатшысы;
1996-2002 ж.ж. - Күршім ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
2003 - 2005 ж.ж. -Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының іс жүргізушісі;
2005 - 2007 ж.ж. - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
2007 - 2014 ж.ж. - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы;
2014 ж. - бүгінгі уақытқа дейін - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппараты басшысының орынбасары.




