Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты

    Мәслихат туралы

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15.00-де офлайн форматта облыс әкімдігі ғимаратында (1-қабат) өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 14.00-ден басталады. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: 1. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы. 3. Шығыс Қазақстан облысының үстіңгі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы. 4. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 23/265-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 5. «Шығыс Қазақстан облысында жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 25/202-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 6. «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы. 7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы. Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы [email protected].

    29 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ул. М.Горького, 40 (зал заседания областного акимата, 1 этаж).
    ОтырысАяқталды

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы 2026 жылғы 27 тамызда сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40, 1-қабат) өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-ден басталады. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: 1. Облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі. Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2. Әртүрлі мәселелер. Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы [email protected].

    25 тамыз 2026 ж.Тікелей
    г. Усть-Каменогорск, ул. М.Горького, 40, здание областного акимата (1 этаж)
    ОтырысАяқталды

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 15 шілдеде сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40, 1-қабат) өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-ден басталады. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының есебі. Денис Сергеевич Рыпаков - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беру қызметтерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келтіру бойынша қабылдап отырған шаралары туралы. Қуат Барысұлы Оқасов - Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы. Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі есебі. Мұрат Манарбекұлы Құсайынов - Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы. Әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі. Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина – тұрақты комиссия төрағасы. Әртүрлі мәселелер. Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8 (7232) 71-31-94, электрондық пошта мекенжайы [email protected] .

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    ул. М. Горького, 40 здание областного акимата (1 этаж)
    ОтырысАяқталды

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы 2026 жылғы 29 сәуірде сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40, 1-қабат) өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-ден басталады. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: 1. 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту: 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және Шығыс Қазақстан облысының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндама. Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама. Дархан Амангелдіұлы - Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы. Шығыс Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыру туралы баяндама. Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2. Шығыс Қазақстан облысында цифрландыру және жасанды интеллект жобаларын іске асыру туралы. Қайрат Болатұлы Бимағамбетов - Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы. 3. Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі. Марина Юрьевна Быкова – тұрақты комиссия төрағасы. 4. Әртүрлі мәселелер. Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы [email protected] .

    29 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Здание областного акимата (1 этаж)
    ОтырысАяқталды

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы 2025 жылғы 12 маусымда сағат 12.00-де офлайн форматта облыс әкімдігі ғимаратында (1-қабат) өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 11.00-ден басталады. Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: 1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/142-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2. Әртүрлі мәселелер. Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы [email protected]

    12 маусым 2025 ж.Тікелей
    здание областного акимата (М. Горький көшесі, 40, 1-этаж)
    Хаттама

    2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 6 қорытынды хаттамасы

    Жарияланды:
    Хаттама

    2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 5 қорытынды хаттамасы

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы

    Жарияланды:
    НҚА

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (27.08.2026г.)

    Жарияланды:
    НҚА

    Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (27.08.2026 ж.)

    Жарияланды:
    Шешім

    Сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 27 тамыздағы кезекті ХХХ cессиясы

    Жарияланды: