
Өмірбаян
Ол 1986 жылы 10 мамырда Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Терсақан ауылында дүниеге келген.
Жоғарғы білім. 2007 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. 2010 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры мамандығы бойынша тәмамдады.
2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Есіл ауданы Победа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап Есіл ауданының білім беру бөлімінің тілдер бойынша әдіскері. 2012 жылдың 20 тамызынан бастап Мемлекеттік тілді оқыту орталығында әдіскер. 2016 жылдың 1 маусымынан бастап Есіл ауданының Тілдерді оқыту орталығының басшысы. 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Есіл қаласындағы С.Серіков орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. 2021 жылы 28 желтоқсан мен 15 ақпан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі басшысының м.а. 2021 жылдың 15 ақпанынан 21 сәуіріне дейін Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы.
2021 жылғы 22 сәуір айынан бастап Есіл ауданы “Nur Otan” аумақтық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары




