
Господарь Анатолий Анатольевич
Депутат
Өмірбаян
№ 1 сайлау округінің депутаты,депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынас, халықтар денсаулығын қорғау, білім, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
1977 жылы 23 маусымда Торғай облысы, Арқалық ауданы, Целинный селосында туған, украин, екі жоғары білімі бар, тарих және құқық мамандығы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтын және Л. Гумилев атындағы Евразия университетін бітірген.
2005 жылдан бастап Ақмола облысы білім басқармасы «Есіл қаласының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №2 балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде директор болып жұмыс істейді. Төртінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Үйленген, екі баласы бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығының мерейтой медалімен, Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Байланыс телефоны: жұмысы 8(71647) 21-5-46




