
Ағымбаева Сәуле Кәмелқызы
Депутат
Өмірбаян
1962 жылғы 16 наурызда Ақмола облысы Есіл ауданы Знаменка ауылында туды. Білімі: 1979 жылдан 1984 жылға дейін Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында оқып және математика және физика мамандығы бойынша аяқтады.
1984 ж. - 1987 ж. - Торғай облысы Арқалық қаласы А Құнанбаев атындағы № 6 ОМ математика пәнінің мұғалімі;
1987 ж. - 1989 ж. - Торғай облысы Арқалық АКТУ - 1-де математика пәнінің мұғалімі;
1989 ж. - 1997 ж.- Торғай облысы Арқалық АКТУ - 1 директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
1998 ж. - 1999 ж.- Ақмола облысы Есіл аудандық білім беру бөлімінің қорғаншы және қамқоршылық нұсқаушысы;
1999 ж. - 2005 ж.- Ақмола облысы Есіл аудандық білім беру саласының жаңа технология мен ақпараттандыру орталығының директоры;
2005 ж. - 2008 ж. - Ақмола облысы Есіл аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ Кеңесінің төрайымы;
2008 ж. қаңтардан сәуірге дейін - «Ақмола облысы Есіл аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
2008 ж. сәуірден 2016 ж. наурызға дейін - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары;
2016 жылдың 28 наурызынан бастап Есіл аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап Есіл аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.




