Үмбетәлиев Абылайхан Жолдасбекұлы

    Тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы

    Үмбетәлиев Абылайхан Жолдасбекұлы
    Руководитель отдела

    Үмбетәлиев Абылайхан Жолдасбекұлы

    Тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Абылайхан Жолдасбекұлы 1994 жылы 28 желтоқсанда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.

    2017 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірген.

    2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік саясат» бағдарламасы бойынша бітірді.

    2018 жылы еңбек жолын Алматы қаласы Медеу ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы болып бастады;

    2019 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қарашасына дейін Алматы қаласы Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарды;

    2023 жылдың қарашасынан 2025 жылдың наурызына дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарының бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2025 жылдың наурыз айынан бастап ауыстыру тәртібімен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімі басшысының лауазымына тағайындалды.2025 жылдың наурыз айынан бастап ауыстыру тәртібімен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімі басшысының лауазымына тағайындалды.айынан бастап ауыстыру тәртібімен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімі басшысының лауазымына тағайындалды.

    Марапаттар

    Адал еңбегі үшін және медицина қызметкері күні мен мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге байланысты Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі, Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (Алматы қаласының санитариялық-эпиедмиологиялық қызметі) басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.

    Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спорттық іс-шаралар мен спартакиадаларға белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласы Спорт басқармасының грамотасымен және медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері