Тынышбаев Берік Тынышбайұлы

    Ақсу ауданының әкімі

    Тынышбаев Берік Тынышбайұлы
    Аким

    Тынышбаев Берік Тынышбайұлы

    Ақсу ауданының әкімі

    Өмірбаян

    Берік Тынышбайұлы Тынышбаев

    1974 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1996 жылы Ақсу ауданындағы «Бүйен» ауылшаруашылық кооперативінде бас экономист болып бастаған.

    Кейін Ақсу ауданы әкімінің аппаратында бас маман, аудан әкімінің көмекшісі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, басшысы, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары, «Жақсылық» шаруа қожалығы басшысының орынбасары болды. Ақсу аудандық мәслихатының VI, Жетісу облыстық мәслихатының VII, VIII шақырылымының депутаты.

    2014 жылдың шілдесінен – Ақсу ауданындағы «Алихан» шаруа қожалығының басшысы.

    2023 жылдың 10 сәуірінен бастап Жетісу облысы әкімінің өкімімен Тынышбаев Берік Тынышбайұлы Ақсу ауданының әкімі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері