
Ермуханбетов Бекзат Тилектесович
Аудан әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Ермұханбетов Бекзат Тілектесұлы 1976 жылы дүниеге келген, 2004 жылы Талдықорған қаласындағы Д.Қонаев атындағы университетінің «Құқықтану» мамандығын аяқтаған.
Еңбек жолын 1993 жылы «Бүйен» өндірістік кооперативінің дәрі-дәрмек қоймасының жұмысшысы болып бастаған. Әр жылдары «Бүйен» өндірістік кооперативінің диірмен меңгерушісі, «Қызылту» өндірістік кооперативінің диірмен меңгерушісі, осы кооперативтің орталық қырман меңгерушісі және бастығының орынбасары, «Дарина» шаруа қожалығының іс қағаз жүргізушісі, «Ақжол» шаруа қожалығының меңгерушісі болып қызметтер атқарған. 2016 жылдан бастап 29 шілдеге дейін Ақсу ауданы әкімдігінің «Барлыбек Сырттанов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс жасаған. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Ақсу ауданы әкімдігінің Барлыбек Сырттанов ауылдық округінің әкімі болып қызмет еткен. 2023 жылдың 21 шілдеден бастап 13 қазанға дейін «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің бас маманы болып жұмыс істеген. 16 қазан 2023 жылдан 04 қараша 2024 жылдар аралығында Ақсу ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарған.


