
Садықов Асқар Жұмаханұлы
Іле ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Садықов Асқар Жұмаханұлы – 1985 жылы 30 қарашада Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кентінде дүниеге келген.
2008 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын (автомобильдер және автомобиль шаруашылығы), 2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін (құқықтану) бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымынан бастаған.
2009-2011 ж.ж. – Іле ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің төтенше жағдай және әскери жұмылдыру дайындығы мәселесі бойынша жұмыс жөніндегі бас маман ;
2011 жылдың 1 сәуір мен желтоқсан айының 6 аралығында Іле ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқық жұмыс бөлімінің төтенше жағдайлар, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс мәселелері бас маманы қызметін атқарған.
2011-2012 ж.ж. – Іле ауданы, Боралдай кенті әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2012-2013 ж.ж. – Іле аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;
2013-2015 ж.ж. – Іле ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2015-2017 ж.ж. – Панфилов ауданының әкімі аппаратының басшысы;
2017-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы;
2019-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы;
13.02.2024 - 28.01.2026 жылдары - Іле ауданы әкімінің аппарат басшысы;
28 қаңтар 2026 жылдан бастап - Іле ауданы әкімінің орынбасары.


