
Өтеев Ербол Тынымбайұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1) 1987ж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты - Машина жасау технологиясы, металл кесетін станоктар мен аспаптар
2) 2002 ж. «Ұлағат» университеті - қаржы және несие
3) 2003ж. Халықаралық Еңбек Академиясы - Құқықтану
Еңбек жолын 1987 жылғы тамызынан 1994 жылғы тамыз айы аралығында Маңғыстау облысы Құрық п. «Маңғсытаумұнайгазгеологиясы» АҚ мұнайқұрастыру инженері қызметінен бастады.
1995 жылғы шілдесінен 1996 жылғы желтоқсан айы аралығында Ақтау қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы болып қызмет атқарды.
1997 жылғы қаңтарынан 1997 жылғы қыркүйегі аралығында «Маңғыстау – Кен дала» АҚ-ның жоспарлы есептік бөлімінің жетекші маманы;
1998 жылғы шілде айынан 1998 жылғы қыркүйегі аралығында «Нефтемашсервис» АҚ инженері;.
1998 жылғы қараша айынан 2002 жылғы тамызы аралығында «ТМ-82» ЖШС директоры;
2002 жылғы тамыз айынан бастап 2008 жылғы тамыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығы;
2008 жылғы тамыз айынан 2014 жылғы қараша айы аралығында Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің бөлім, басқарма басшысы, Қарақия ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Ақтау қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;
2008 жылғы тамыз айынан 2014 жылғы қараша айы аралығында Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің бөлім, басқарма басшысы, Қарақия ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Ақтау қаласы бойынша салық басқарма бастығының орынбасары;
2014 жылғы қараша айынан бастап 2017 жылғы маусым айы аралағында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары;
2017 жылғы маусым айынан 2019 жылғы сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
2019 жылғы 22 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.



