
Өмірбаян
Қасымбекова Ляззат Қалмұханбетқызы 1984 жылы дүниеге келген. Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі мамандығы бойынша және «Журналистика» мамандығын аяқтаған.
Еңбек жолын 2003 жылдың наурыз айының 3-нен бастап аудандық «Ақсу өңірі» газетіне бағдарламашы болып бастап, тілші болып, 2016 жылдың наурыз айының 1-нен бастап аудандық «Ақсу өңірі» газетінде жауапты хатшы қызметіне көтерілді. 2020 жылдан бері аудандық газеттің директор – бас редакторы.

