Маженова Светлана Ақашқызы

    "Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйі" МКҚК директоры

    Маженова Светлана Ақашқызы
    Директор

    Маженова Светлана Ақашқызы

    "Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйі" МКҚК директоры

    Өмірбаян

    Маженова Светлана Акашқызы 1964 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Гиоргиевка ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1987 жылы Алтай мемлекеттік мәдениет институтының режиссер мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1992 жылы тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1985 жылы Қаратал аудандық мәдениет үйінің әдіскер қызметінен бастап,1988 жылы директорлық лауазымға ауысқан.

    Ширек ғасырдан бері аудан мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне, қазақ салт-дәстүрлерін жаңғыртуға өлшеусіз күш-жігер жұмсап келеді. Халықпен жұмыс істеудегі ұйымдастыру қабілеті жоғары, басшы ретінде іскер маман. Қ

    Білімі мен мол тәжірбиесі арқасында кәсіби шеберлігінің арқасында ауданымыздың талай өнерпаздары өнер сахнасына жол тауып, аудан көркемөнерпаздары үлкен жетістіктерге жете білді. Облыс, аудан сахнасында өткізілген іс-шаралар легі әрқашанда жоғары деңгейде өткізіледі. Сонымен қатар, жасөспірімдерді сахна мәдениетіне үйрету, баулу мақсатында драма үйірмесін жүргізеді. Осы атқарған еңбегінің арқасында қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері