
Бекбердиев Бауыржан Лесулы
«Алматы – Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы
Өмірбаян
1975 жылғы 26 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылында дүниеге келген. Білімі: 1992-1996 жж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша экономист. 2001-2004 жж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, «құқықтану» мамандығы бойынша заңгер. 2021-2023 жж. – Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы, «мемлекеттік және өңірлік менеджмент» мамандығы бойынша MBA топ-менеджері.
Еңбек қызметі:
1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет атқарды;
1998-2000 жж. – «Султан-Маркетинг» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
2001-2002 жж. – Алматы қаласы бойынша Бас кеден басқармасының кедендік күзет және режим басқармасы жүктерді кедендік сүйемелдеу бөлімінің инспекторы;
2002-2003 жж. – Алматы қаласы бойынша Кеден басқармасының жедел-кезекшілік қызметі бөлімінің аға инспекторы, кейін кедендік кірістер бөлімі кедендік төлемдер қызметінің инспекторы;
2003-2008 жж. – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кедендік кірістер басқармасы кедендік төлемдер мен салықтар бөлімінің ағымдағы болжамдау қызметінің бас маманы, кейін бөлімнің бас маманы;
2008-2011 жж. – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кедендік кірістер басқармасы кедендік төлемдер мен салықтар бөлімінің бастығы;
2011 ж. – Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті кедендік кірістер басқармасы бастығының орынбасары, кейін «Жетісу» кеден бекетінің маманы;
2011-2013 жж. – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің бас маманы;
2015-2016 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік ресімдеу басқармасы саудасыз айналым бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы, кейін бас маманы;
2016-2017 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауар номенклатурасы және тауарлардың шығарылған елін бақылау басқармасы тарифтік реттеу бөлімінің басшысы;
2017-2019 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарифтік реттеу басқармасы кедендік құн бөлімінің басшысы;
2019-2021 жж. – Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Нұр Жолы» кеден бекеті басшысының орынбасары;
2021-2022 жж. – Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл-жол» кеден бекеті басшысының орынбасары;
2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алматы кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы.





