
Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы
Өмірбаян
Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы 1976 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «гуманитарлық ғылымдар» және 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «гуманитарлық ғылымдар магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы «МузАрт» тобының директоры болып бастаған.
2003-2007 жылдары «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының «Қазақконцерт» концерттік бірлестігінің менеджері, 2009-2016 жылдары «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының «Қазақконцерт» концерттік бірлестігінің бас менеджері, 2017-2020 жылдары «GG CINEMA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқаруда.
