
Серікбаева Гүлдана Кенжеқарақызы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Серікбаева Гүлдана Кенжеқарақызы
Серікбаева Гүлдана Кенжеқарақызы 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, 1995-1999 жылдары аралығында Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтын «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып, 2007 жылы Қ.А.Яcсауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапханашы болып бастаған.
2000 жылдың тамыз айынан Жамбыл облысы әкімиятының мәдениет басқармасының өнер бөлімінің маманы болып бастап, жетекші маман, бас маманы болып жұмыс істеген.
2005-2013 жылдары аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасында талдау және кадрлық жұмыс, құжаттама және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы;
2013-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының персоналды басқару бөлімінің басшысы, персоналды басқару және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
2019-2024 жылдары аталған басқарманың әкімшілік бөлімінің, әкімшілік және қаржы бөлімінің басшысы;
2024 жылдың 10 шілдесінен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының әкімшілік және қаржы бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.
2026 жылдың 18 ақпанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

