
Омиргазина Асель Шарипхановна
"Жарма ауданы әкімінің аппараты" ММ персоналды басқару бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Омиргазина Асель Шарипхановна 1985 жылы 19 маусымда Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында туған. 2004 жылы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжін, 2020 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы ШҚО Жарма ауданы Қаражал ауылындағы Шевченко атындағы негізгі мектебінің музыка және география пәндерінің мұғалімі ретінде бастады. 2008-2010 жылдар аралығында Жарма ауданының білім бөлімінің әдіскері қызметін атқарды. 2010-2016 жылдары Жарма ауданының білім бөлімінің жетекші маманы, 2016 жылдан 2020 жылдың 21 қыркүйегіне дейін бас маманы қызметін атқарды. 2020 жылдың 21 қыркүйегінен бастап «Жарма ауданы әкімі аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөлімінің басшысы болып тағайындалды.




