
Мұхаметжанов Сағынтай Гельманұлы
Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Сағынтай Гельманұлы Мұхаметжанов, 1962 жылы туған, қазақ, Ақмола облысы Астрахан ауданының Оксановка ауылында дүниеге келді.
Білімі жоғары, 2005 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «инженер-механик» біліктілігі бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1981 жылы Астрахан ауданы Қызылжар кеңшарының 3-ші бөлімшесінде механизатор болып бастады.
1985 жылдың қаңтарынан 1989 жылдың қаңтарына дейін – Астрахан ауданы Астрахан АКТУ-26 өндірістік оқыту шебері, комсомол комитетінің хатшысы.
1990 жылдың қаңтарынан 1992 жылдың қаңтарына дейін -Целиноград қаласының «Целиноградский» КТКБ маманы.
1992 жылдың қазанынан 1995 жылдың қазанына дейін – Астрахан аудандық әкімшілігінің АҚ және ТЖ штабының бастығы.
1995 жылдың қазанынан 2006 жылдың қаңтарына дейін – Астрахан ауданы әкімі аппаратының бас маманы.
2006 жылдың қаңтарынан – Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.




