
Аменова Дина Есетқызы
Астрахан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Дина Есетқызы Әменова, 1967 жылы туған, қазақ, Ақмола облысы Астрахан ауданының Астраханка ауылында өмірге келген.
Білімі жоғары, 2001 жылы Алма-Ата сәулет-құрылыс институтын «Инженер-экономист» біліктілігі бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1987 жылы Ақмола облысы Астрахан ауданының Астрахан ауылында Астрахан СЖБ –да инженер-гидротехниг болып бастады.
1988 жылдың мамырынан 2005 жылдың қаңтарына дейін -мемлекеттік ұйымдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2005 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың наурызына дейін -Астрахан ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы.
2008 жылдың наурызынан 2013 жылдың тамызына дейін – Астрахан ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
2013 жылдың тамызынан 2018 жылдың қазан айына дейін- Астрахан ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы.
2018 жылдың 15 қазанынан 2021 жылдың 14 сәуіріне дейін – Астрахан ауданының Астрахан ауылдық округінің әкімі.
2021 жылдың 4 мамырынан бастап - Астрахан ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
2022 жылғы 15 тамыздан бастап - Астрахан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау жұмысы бөлімінің басшысы




