Қалабаев Қайрат Сабыржанұлы

    Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.

    Қалабаев Қайрат Сабыржанұлы
    Руководитель отдела

    Қалабаев Қайрат Сабыржанұлы

    Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.

    Өмірбаян

    Қайрат Сабыржанұлы Қалабаев, 1962 жылы туған, қазақ, Целиноград облысы Маринов ауданының Таубай ауылында өмірге келген.

    Білімі жоғары, 1991 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Ғалым агроном» біліктілігі бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 1979 жылы Ақмола облысы Астрахан ауданының Жарсуат кеңшарында бастады.

    1985 жылдың шілдесінен 1992 жылдың тамызына дейін - Жарсуат ауылында агроном – тұқым өсіруші.

    1992 жылдың тамызынан 1995 жылдың маусымына дейін- Жарсуат ауылында бас агрономның м.а.

    1995 жылдың маусымынан 1997 жылдың ақпанына дейін – Жарсуат ауылындағы бас агроном.

    1997 жылдың ақпанынан 2000 жылдың мамырына дейін – Астрахан ауданы К.Т. Дамаев Ш/Қ агрономы.

    2000 жылдың мамырынан 2009 жылдың қыркүйегіне дейін –Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің өсімдік шаруашылығы жөніндегі бас маманы.

    2009 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың қарашасына дейін – Астрахан ауданы ҚР АШМ АӨК МИК Астрахан аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары.

    2010 жылдың қарашасынан 2011 жылдың желтоқсанына дейін – Астрахан ауданының Астрахан аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік техникалық инспекциясының және егін шаруашылығындағы мемлекеттік инспекциясының фитосанитариялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы.

    2011 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың сәуіріне дейін - мемлекеттік ұйымдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2013 жылдың сәуірінен бастап – Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

    2024 жылдың 1 шілдесінен бастап – Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері