Жеңісбай Ақниет Ілиясұлы

    Дене шынықтыру және спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы

    Руководитель отдела

    Жеңісбай Ақниет Ілиясұлы

    Дене шынықтыру және спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Жеңісбай Ақниет Ілиясұлы 1995 жылы туған, қазақ, білімі жоғары.

    2017 жылы Алматы технологиялық университетін «Техника және технология» мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақтың спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт түрлерін дамыту бөлімінің штаттан тыс статисті болып бастаған.

    Әр жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Сарыкемер ауылындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің армрестлингтен жаттықтырушысы, Байзақ ауданындағы №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің армрестлингтен жаттықтырушысы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спортты дамыту бөлімінің бас маманынықызметтерін атқарған.

    2024 жылдың қаңтар айынан Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарды.

    2025 жылғы 20 тамыздан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру және спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері