Талғарбаева Меруерт Алтынханқызы
Қаржы, жоспарлау және шаруашылық бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1980 жылы туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының хатшысы болып бастаған.
Әр жылдары кәсіптік-техникалық лицейдің педагог-психологы, Талас аудандық білім басқармасы жанындағы әдістеме кабинетінің хатшы-машинисті, Талас аудандық білім басқармасының есеп бөлімінің үнемдеушісі, Талас ауданы әкімиятының білім және спорт бөлімінің маман-экономисті, Талас ауданындағы бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бас есепшісі, №1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бөлім бастығы-бас бухгалтері, Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының штаттан тыс экономисті, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маман-бас есепшісі, бухгалтерлік есеп және кеңсе бөлімінің басшысы, қаржы-жоспарлау және шаруашылық бөлімінің басшысы, әкімшілік және мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылғы 3 қаңтардан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы қаржы, жоспарлау және шаруашылық бөлімінің басшысы.