
Отарбекова Жайдаркул Аскановна
Аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жайдаркүл Асқанқызы 1984 жылы 15 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
2007 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «санитария, гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы облысы Іле ауданының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінде бас маманның м.а. болып бастаған.
2013 жылдан 2021 жылға дейін Алматы облысы Іле ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың желтоқсанынан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы болып табылады.
2020 жылы коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі пандемия кезінде қосқан үлесі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталған.





