
Қонысбаева Кенжекүл Қонысбайқызы
Тағам объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Кенжекүл Қонысбайқызы 1980 жылы 6 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген.
2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, магистр дәрежесін алды.
2018 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» («ҚДСМ») медицина университетін бітірген, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «phD» дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласында бастап, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК кадрлар бөлімінің аға инспекторы болып жұмыс істеді.
2008 жылдан 2018 жылға дейін денсаулық сақтау ұйымдарында әр түрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2018 жылдан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінде түрлі бөлімдерде меритократия қағидаты бойынша құрылымдық бөлімшелерде бас маман, басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2020 жылдың қазанынан бастап Кенжегүл Қонысбайқызы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып табылады.
2007 жылы жұмыста жеткен жетістіктері үшін «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.





