Жаңбырбаев Ерболат Сейітқамалұлы
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін мүліктік жалға беруді және пайдалануды ұйымдастыру басқармасының басшысы
Өмірбаян
Талдықорған облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Талдықорған құрылыс лицейін, Алматы Экономика және статистика академиясын, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы «Жетісу» ТӘБ бухгалтері болып бастаған.
1995 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, әр жылдары Талдықорған қаласы бойынша ҚР Қаржы Министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржылық бақылау бөлімшесінің бақылаушы-ревизоры, аға бақылау-ревизоры болып жұмыс істеді, Ақмола облыстық коммуналдық меншік басқармасының жетекші маманы, Астана қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы, «Сарыарқа» Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру өңіраралық департаменті бөлімінің бастығы, Астана қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бастығының орынбасары.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін мүліктік жалға беруді және пайдалануды ұйымдастыру басқармасының басшысы.

