
Мухамедиев Мейірхан Нурахунұлы
Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Мейірхан Нұрахунұлы 1994 жылы 21 ақпанда Жетісу облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында дүниеге келген;
2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген.2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген.«құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген.2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген.2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген.«құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген.мамандығы бойынша үздік бітірген.
2016 жылы еңбек жолын Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маман болып бастаған;
2016 - 2018 жж. Алматы қаласы Әділет департаментінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінде жұмыс істеді;
2018 жылдан 2021 жылға дейін меритократия қағидаты бойынша Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (қайта құруға дейін - Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті) әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді;
2021 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметті жоспарлау, талдау және цифрландыру бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады;
2022 жылғы шілдеден бастап құрылымдық бөлімшенің атауы өзгеруіне байланысты Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Марапаттар
Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының, Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының, Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталған;
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спорттық іс-шаралар мен спартакиадаларға белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің, Алматы қаласы спорт басқармасы басшысының грамотасымен марапатталған;
Адал еңбегі үшін және медицина қызметкері күні мен мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге байланысты Алматы қаласы әкімі мен әкім орынбасарының, ҚР Денсаулық сақтак вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.





