Салқынбаев Зейнулла Бекмырзаұлы

    Персоналды басқару қызметінің басшысы

    Салқынбаев Зейнулла Бекмырзаұлы
    Руководитель отдела

    Салқынбаев Зейнулла Бекмырзаұлы

    Персоналды басқару қызметінің басшысы

    Өмірбаян

    1974 жылы 1 маусымда Қызылорда облысында дүниеге келген.

    1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «филолог» мамандығы бойынша бітірді;

    1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «филолог» мамандығы бойынша бітірді;

    2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірді;

    Филология ғылымдарының кандидаты.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

    01.10.1999 – 11.04.2002 жж. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының оқытушысы;

    07.09.2002 – 07.12.2002 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтында оқытушы;

    13.09.2003 – 07.12.2005 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Проректорының көмекшісі;

    13.12.2005 – 07.09.2007 жж. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы;

    10.09.2007 – 10.09.2013 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік тілді дамыту және редакциялау бөлімінің бастығы;

    10.09.2013 – 23.02.2015 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің персоналды басқару қызметінің басшысы;

    23.02.2015 – 17.05.2017 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің персоналды басқару қызметінің басшысы;

    18.05.2017 – 01.07.2019 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің персоналды басқару қызметінің басшысы;

    02.07.2019 – 30.11.2020 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің персоналды басқару қызметінің басшысы;

    30.11.2020 жылдан және қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің персоналды басқару қызметінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері