
Толкынбеков Максат Мырзабекович
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Өмірбаян
Толқынбеков Мақсат Мырзабекұлы 1984 жылы 14 қарашада Алматы облысында дүниеге келген.
2007 жылы Қазақ ұлттық медицина университетін «гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген;
2013 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау қызметінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог-дәрігердің көмекшісі болып бастаған.
2008 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінде әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.
2022 жылдан 2024 жылға Алматы қаласының Бостандық ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2024 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылады.





