Құсайынова Айнұр Жолдыбайқызы
Персоналмен жұмыс басқармасының басшысы
Өмірбаян
Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2002 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша, 2008 жылы - "Қаржы" мамандығы бойынша басқару институтын, 2017 жылы - "Қаржы академиясы" АҚ бітіріп, магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Республикалық бюджеттің кірісіне ақша түсуін бақылау бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастады.
2004 жылдан бастап 2020 жылға дейін - ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде әр түрлі лауазымдарды атқарған.
2020 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті персоналмен жұмыс басқармасының басшысы болып табылады.

