Есімбаев Ержан Есімбайұлы

    Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары

    Есімбаев Ержан Есімбайұлы
    Заместитель акима

    Есімбаев Ержан Есімбайұлы

    Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    - 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген;

    -2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім алды.

    Еңбек жолын 2011 жылы Семей қаласының статистика басқармасы Әлеуметтік статистика бөлімінің жетекші маманының көмекшісі болып бастаған;

    2012-2013 жылдары Қарғалы ауданы әкімі аппаратының инспекторы қызметін атқарды;

    2013-2014 жылдары Бадамша ауылдық округі әкімі аппараты бас маманының м. а. болған.;

    2014 жылдан 2015 жылға дейін Бадамша ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді;

    2015 жылдан 2017 жылға дейін Қарғалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді;

    2017-2018 жылдары Қарғалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды;

    2018 жылдың қараша айынан бастап 2023 жылы қыркүйек айына дейін Қарғалы ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді;

    2023 жылдың 4 қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері