
Аманқұлов Нұрлыбек Жетпісбайұлы
Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
- 1982 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылында дүниеге келген;
- 2006 жылы Орталық Азия университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2001 жылы Қобда ауданы Салық комитетінің салық инспекторы, бас салық инспекторы, Қобда ауылынан бастаған;
2005 жылдан 2006 жылға дейін Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының ОПС органдарында қызмет атқарды;
2007-2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының "Қуат" ККМК Ақтөбе қаласы қызметін атқарды;
2008-2012 жылдары Қобда Қобда а. филиалының ХҚКО операциялық залының бастығы болып жұмыс істеді;
2012 жылы Ақтөбе облысы ХҚКО РММ реттеуші залының басшысы, Ақтөбе қ.;
2012 жылы "Жарсай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жетекші маманы болып жұмыс істеді, Қобда ауданы, Жарсай ауылы;
2012 жылдан 2013 жылға дейін "Қобда ауданы әкімінің аппараты" ММ бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Қобда ауылы;
2013 жылдан 2015 жылға дейін жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша ҚР ӨДМ Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық жер инспекциясы, Ақтөбе қаласы;
2015-2019 жылдары "Ақтөбе облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Ақтөбе қ.;
2019-2020 жылдары "Ақтөбе облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" ММ Жер саласындағы құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілендіру бөлімінің басшысы, Ақтөбе қ.;
2020-2022 жылдары "Ақтөбе облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" ММ басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласы;
2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласы;
2024 жылғы 19 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.


