Болысбай Мэлс Болысбайұлы

    "Арнайы экономикалық аймақ "кеден бекеті Инновациялық технологиялар паркінің басшысы

    Болысбай Мэлс Болысбайұлы
    Басшы

    Болысбай Мэлс Болысбайұлы

    "Арнайы экономикалық аймақ "кеден бекеті Инновациялық технологиялар паркінің басшысы

    Өмірбаян

    1967 жылғы 27 наурызда Жамбыл облысы Шу ауданы Жаңа жол ауылында дүниеге келген. Білімі: 1991 ж. – Алматы мемлекеттік медициналық институты, тіс дәрігері. 1998 ж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, заңгер. 2001 ж. – Қырғыз мемлекеттік ұлттық университеті, кеден ісі бойынша маман.

    Еңбек қызметі:

    1994-1996 жж. – Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кеден бақылау басқармасы «Астана» кеденінің экспорт-импорттық операцияларды бақылау бөлімінің инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы;

    1997-1998 жж. – Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кеден бақылау басқармасы «Астана» кеденінің жолаушылар бөлімінің инспекторы;

    1998-1999 жж. – «Астана» кеденінің экспорт-импорттық операцияларды бақылау бөлімінің аға инспекторы, кейін Алматы қаласы бойынша Кеден бақылау басқармасы экспорт-импорттық операцияларды бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, бастығы;

    1999-2002 жж. – Алматы қаласы бойынша Бас кеден басқармасының «Жетісу» кеден бекетінің бас инспекторы;

    2002-2010 жж. – Алматы қаласы бойынша Кеден бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекеті жолаушылар қызметінің бас маманы, кейін кеден бекетінің бас маманы;

    2010-2012 жж. – Алматы қаласы бойынша Кеден бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекеті бастығының орынбасары, міндетін атқарушы, кейін бастығы;

    2012 ж. – «Жетісу» кеден бекетінің бастығы, Алматы облысы бойынша департамент бастығы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы;

    2012-2013 жж. – Алматы облысы бойынша Кеден бақылау департаментінің «Алатау — кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті бастығының орынбасары, кейін басшысы;

    2013-2014 жж. – Алматы облысы бойынша Кеден бақылау департаменті «Қорғас» кедені «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА» кеден бекетінің бас маманы, кейін жетекші маманы міндетін атқарушы;

    2014 ж. – Алматы облысы бойынша Кеден бақылау департаментінің Кедендік кірістер басқармасы кедендік төлемдер мен салықтар бөлімінің басшысы;

    2014 ж. – Алматы қаласы бойынша Кеден бақылау департаментінің «Алмалы — кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы;

    2014-2017 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Арнайы экономикалық аймағы “Инновациялық технологиялар саябағы”» кеден бекетінің бас маманы міндетін атқарушы, кейін бас маманы;

    2017-2018 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алмалы — кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы;

    2018-2019 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алмалы — кедендік ресімдеу орталығы» басқарма басшысы — кеден бекетінің басшысы;

    2019-2023 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА» кеден бекетінің басшысы;

    2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы» кеден бекетінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері