
Мұқан Айбек Сейсенбекұлы
ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшеліндіру басқармасы
Өмірбаян
1991 жылғы 18 маусымда Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында дүниеге келген. Білімі: 2011 ж. – Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономикалық колледжі, «қаржы» мамандығы бойынша қаржы жұмысы жөніндегі экономист. 2015 ж. – Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті АҚ, «есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры. 2017 ж. – «Алматы» университеті, «құқық» мамандығы бойынша құқық бакалавры
Еңбек қызметі:
2014 ж. – «Чин Транс Ойл» ЖШС бас менеджері;
2014-2015 жж. – «Жастар тәжірибесі орталығында» тәжірибеден өтуші;
2015 ж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы, кейін жетекші маманы;
2015-2017 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
2017-2018 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2018-2019 жж. – «МФА-Акцепт» ЖШС заңгерінің көмекшісі, Алматы қаласы;
2019-2021 жж. – «Гильдия юристов» ЖШС басшысы, Алматы қаласы;
2021 ж. – Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы, кейін бас маманы;
2021-2022 жж. – Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
2022-2024 жж. – Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2024 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы.





