Адылбеков Данияр Талгатович

    Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының басшысы

    Адылбеков Данияр Талгатович
    Басқарма басшысы

    Адылбеков Данияр Талгатович

    Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    1983 жылғы 12 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Солоновка ауылында дүниеге келген. Білімі: 2005 ж. – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, «кеден ісі» мамандығы бойынша менеджер-кеденші. 2007 ж. – Орталық Азия университеті, құқықтану бакалавры.

    Еңбек қызметі:

    2000-2005 жж. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенті;

    2005-2011 жж. – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Өскемен — кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті маманының міндетін атқарушы, кейін маманы;

    2011-2012 жж. – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Өскемен — кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы;

    2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаментінің тарифтік емес реттеу және экспорттық бақылау бөлімінің бас маманы;

    2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаментінің сарапшысы;

    2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің бас сарапшысы, кейін Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;

    2017 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаменті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;

    2017-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаменті Кешенді бақылау және кедендік инфрақұрылым басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;

    2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік операцияларды әкімшілендіру департаменті Кедендік операциялардың мониторингі басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;

    2019-2020 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік әдістеме департаменті Кедендік операциялар басқармасының бас сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;

    2020-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау департаментінің бас сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;

    2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері