
Сейтова Бахтыгуль Климовна
Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы
Өмірбаян
1968 жылғы 1 қазанда Маңғышлақ облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Білімі: 1989 ж. – Алматы халық шаруашылығы институты, «қаржы және несие» мамандығы бойынша экономист. 2010 ж. – Экономика және құқық академиясы, заңтану бакалавры.
Еңбек қызметі:
1985 ж. – Форт-Шевченко балық кооперативі Ақшұқыр сауда бірлестігінің «Атырау» дүкенінің реттеушісі;
1985-1989 жж. – Алматы халық шаруашылығы институтының студенті;
1989-1990 жж. – Гурьев облысы Ерғалиев аудандық қаржы бөлімінің аға салық ревизоры-инспекторы;
1990 ж. – Алматы қаласы Москва ауданы бойынша қаржы бөлімінің салық инспекциясын есепке алу жөніндегі инспекторы;
1990-1991 жж. – Алматы қаласы Москва ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясы азаматтардың кірісіне салық салу бөлімінің мемлекеттік салық инспекторы;
1991-1994 жж. – Алматы қаласы Москва ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясы азаматтардың кірісіне салық салу бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
1994-1997 жж. – Алматы қаласы Москва ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясы тексеру бөлімінің салық инспекторы;
1997-1998 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің салық инспекторы;
1998-2000 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жеке тұлғалармен жұмыс секторының салық инспекторы;
2000-2003 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті өндірістік емес төлемдер бөлімінің маманы — салық инспекторы;
2003 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу және ақыл-кеңес беру бөлімінің маманы — салық инспекторы;
2003-2004 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті салық төлеушілерді тіркеу бөлімінің маманы — салық инспекторы;
2004 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті салық төлеушілерді тіркеу бөлімінің жетекші маманы — жетекші салық инспекторы;
2004-2008 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті салық төлеушілерді тіркеу бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2008 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті салық төлеушілерді тіркеу бөлімінің бастығы;
2008-2010 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасы салық төлеушілерді тіркеу бөлімінің бастығы;
2010 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасы заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бастығы;
2010-2012 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасы заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бастығы;
2012-2013 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бастығы;
2013 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің бастығы;
2013 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің басшысы;
2013 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2013-2014 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің басшысы;
2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің басшысы;
2015 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің басшысы;
2015-2019 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің басшысы;
2019-2020 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің басшысы;
2020-2021 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы;
2021-2022 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы;
2022-2023 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы;
2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы.





