
Каимухаметов Даурен Абдуллаевич
Камералдық мониторинг басқармасының басшысы
Өмірбаян
1981 жылғы 29 қаңтарда Алматы облысы Панфилов ауданы Кіші Шыған ауылында дүниеге келген. Білімі: 2002 ж. – Алматы коммерциялық институты, экономист.
Еңбек қызметі:
2003-2005 жж. – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің салық төлеушілерді тіркеу бөлімінің маманы — салық инспекторы міндетін атқарушы;
2005 ж. – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалардың салық есебін қабылдау және өңдеу бөлімінің жетекші маманы — жетекші салық инспекторы;
2005-2008 жж. – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалардың салық есебін қабылдау және өңдеу бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2008 ж. – құрылым мен штаттың өзгеруіне байланысты Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2008-2009 жж. – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2009-2010 жж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2010-2012 жж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бастығы;
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасының заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бастығы;
2013 ж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2013-2014 жж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2014 ж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің заңды тұлғаларды және халықаралық салық салуды әкімшілендіру басқармасы халықаралық салық салуды және жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2014 ж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің заңды тұлғаларды және халықаралық салық салуды әкімшілендіру басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2014 ж. – құрылым мен штаттың өзгеруіне байланысты Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасының №1 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы;
2014-2015 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасының №1 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы;
2015-2018 жж. – Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2018-2019 жж. – штат санының өзгеруіне байланысты Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2019-2021 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы;
2021-2022 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы;
2022-2023 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы;
2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы.





