Қабдөшев Төлеген Дастемұлы

    Департамент бастығының орынбасары

    Қабдөшев Төлеген Дастемұлы
    Заместитель руководителя

    Қабдөшев Төлеген Дастемұлы

    Департамент бастығының орынбасары

    Өмірбаян

    Қабдөшев Төлеген Дастемұлы 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Явленка с. туған.

    Білімі жоғары, 2001 жылы Көкшетау гуманитарлы-экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

    2006 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

    1989-1991жж. ҚСРО Қарулы күштері қатарында қызмет етті.

    Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтары және мерекелік медальдары:

    «Салық қызметінің үздігі» төсбелгісі – 2010ж., «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі – 2011ж., «Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісі – 2013ж., «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі – 2013ж., «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі – 2016ж., «Ерен еңбегі үшін» медалі – 2018ж., «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісі – 2021ж., «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтой медалі – 2021ж., «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісі – 2023ж., «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» естелік төсбелгісі – 2024ж..

    Мансап

    Еңбек қызметі:

    • 1994 жылдың шілде айынан бастап 1997 жылдың тамыз айына дейін Петропавл қ. бойынша салық инспекциясы кәсіпкерлік қызметтерге салық салу жөніндегі бөлімінің салық инспекторы;
    • 1997 жылдың қыркүйек айынан бастап 1998 жылдың тамыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті Петропавл қ. бойынша басқармасы жеке тұлғалардың салық аудиті бөлімінің аға салық инспекторы;
    • 1998 жылдың тамыз айынан бастап 1999 жылдың наурыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті Петропавл қ. бойынша басқармасы жеке тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас салық инспекторы;
    • 1999 жылдың сәуір айынан бастап 1999 жылдың желтоқсан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті Петропавл қ. бойынша басқармасы өндіріп алу бөлімінің сектор меңгерушісі;
    • 2000 жылдың қаңтар айынан бастап 2002 жылдың қаңтар айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті ішкі аудит бөлімінің бас салық инспекторы;
    • 2002 жылдың қаңтар айынан бастап 2003 жылдың мамыр айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті ішкі аудит бөлімінің бастығы;
    • 2003 жылдың маусым айынан бастап 2005 жылдың наурыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті ұйымдастыру басқармасының бастығы;
    • 2005 жылдың сәуір айынан бастап 2005 жылдың сәуір айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті ұйымдастыру басқармасы ұйымдастыру бөлімі басқарма бастығы – бөлім бастығы;
    • 2005 жылдың сәуір айынан бастап 2008 жылдың шілде айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы;
    • 2008 жылдың шілде айынан бастап 2009 жылдың наурыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша салық басқармасының бастығы;
    • 2009 жылдың наурыз айынан бастап 2013 жылдың наурыз айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
    • 2013 жылдың наурыз айынан бастап 2014 жылдың қараша айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары;
    • 2014 жылдың қараша айынан бастап 2019 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;
    • 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
    • 2025 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері