
Өмірбаян
Жақанов Аманжол Жомартұлы 1974 жылы Қостанай облысы Федоров ауданы Мирное селосында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1995 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «Ауыл шаруашылық саласындағы ұйымдастыру және экономика» мамандығы бойынша бітірген.
2000 жылы Мәскеу қ. Қазіргі заманғы гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген .
2019 жылы М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетін «Экономика және кәсіпорынды басқару» мамандығы «Іскерлік басқару шебері» қосымша біліктілігі бойынша бітірген.
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтары және мерекелік медальдары:
«Салық қызметінің үздігі» төсбелгісі - 01.07.2008ж., «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі - 29.11.2016ж., «Ерен еңбегі үшін» медалі - 05.12.2018ж., «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі - 11.11.2019ж., «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтой медалі - 02.12.2021ж.
Мансап
Еңбек қызметі:
- 1997 жылдың мамыр айынан 1997 жылдың желтоқсан айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің 1 санаттағы маманы;
- 1997 жылдың желтоқсан айынан 1998 жылдың қыркүйек айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің салықтық тексерулер бөлімінің аға маманы;
- 1998 жылдың қыркүйек айынан 1999 жылдың наурыз айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің ірі салық төлеушілердің салық аудиті бөлімінің аға салық инспекторы;
- 1999 жылдың сәуір айынан 1999 жылдың мамыр айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің сыртқы аудит бөлімінің аға салық инспекторы;
- 1999 жылдың мамыр айынан 1999 жылдың маусым айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің сыртқы аудит бөлімінің бас салық инспекторы;
- 1999 жылдың маусым айынан 2000 жылдың наурыз айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің бастығы;
- 2000 жылдың сәуір айынан 2003 жылдың мамыр айына дейін –Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің бастығы;
- 2003 жылдың мамыр айынан 2003 жылдың шілде айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар басқармасының бастығы;
- 2003 жылдың шілде айынан 2008 жылдың шілде айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің Лисаков қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы;
- 2008 жылдың шілде айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің Лисаков қаласы бойынша Салық басқармасының бастығы;
- 2008 жылдың тамыз айынан 2009 жылдың мамыр айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің Әулиекөл ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы;
- 2009 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Қостанай облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
- 2012 жылдың қаңтар айынан 2013 жылдың наурыз айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы;
- 2013 жылдың наурыз айынан 2014 жылдың қараша айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің басшысы;
- 2014 жылдың қараша айынан 2017 жылдың қазан айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
- 2017 жылдың қазан айынан 2020 жылдың шілде айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
- 2020 жылдың шілде айынан 2025 жылдың қазан айына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
- 2025 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.


